Меркі: Ел үшін, жер үшін құрбан болған ата-баба рухына Құран бағышталды!

Меркі: Ел үшін, жер үшін құрбан болған ата-баба рухына Құран бағышталды!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде және Меркі ауданына қарасты барлық мешіттерде Ұлы Отан соғысында қайтыс болған бабалардың рухына Құран оқылып, дұға жасалды

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Бұл – ата-бабамыздың Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен қажыр-қайратының арқасында келді. Уақыт өтуде. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің қаһармандарын – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз!

9 мамыр! Бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн. Сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған ата-бабаларымыздың рухтарына Құран бағыштап, дұға жасалды. 

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.

Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және бүкіл Қазақстандықтар, сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: