Меркі: РАНТ мүшесі жамағатқа насихат айтты

Меркі: РАНТ мүшесі жамағатқа насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізге белгілі ұстаз РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы жұмыс сапары барысында Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің жамағатына  «Алла Тағаланы еске алу және дұға жасау» тақырыбында уағыз-насихат  айтты.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Музаммил» сүресі, 8-аятында:«Раббыңның атын (үнемі) жадыңда ұстап, (күндіз-түні) аузыңнан тастамай зікір ет әрі Оған жан-тәніңмен бет бұр», – деп айтқан.  

Уағыз барысында Нұралы ұстаз  пенденің басына қандай сынақ келмесін, адам баласы әрқашан Алла Тағаланы еске алып жүру керек екендігі жайлы себебі бұл дініміздегі  маңызды істердің бірі. Мұсылман адам Алланы жиі еске алумен Оған жақындай түсетіні, ал керсінше болған жағдайда Алланың рақымынан алыстай түсетіні турасында насихат айтып өтті. Сондай-ақ, Үнемі Алла Тағаланы еске алып жүретін адамның дұғасы қабыл болып, сұрағанына жауап берілетіні жайлы жамағатқа кеңінен түсіндірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: