ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астана қаласында өткен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» атты VI Республикалық имамдар форумы аясында имамдардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы семинар ұйымдастырылды. Аталмыш семинарға еліміздің әр өңірінен келген дін қызметкерлері белсене қатысып, діни басқарма бекіткен бағыттар бойынша білімдерін жетілдірді.

Семинарда алғашқы дәрісті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының кеңесшісі Смайыл Сейітбек оқыды. Ол «Муфтияттың құрылуы мен құрылымы» тақырыбында кең көлемде мағлұмат беріп, діни басқарманың жұмыс жүйесі мен негізгі міндеттері жайлы терең түсінік ұсынды.

Екінші дәрісті ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Талғат Жақиянов жүргізіп, діни қызметкерлердің заманауи талаптарға сай білімін жетілдіру мен уағыз-насихаттағы бірізділікті сақтау жөнінде тың ақпараттармен бөлісті.

Аталған семинарға Жамбыл облысынан қатысқан имамдар да белсенділік танытып, өз салаларындағы білімдерін шыңдауға үлкен мүмкіндік алды. Мұндай игі бастамалар дін мамандарының кәсіби дамуына жол ашып, мешіттегі діни қызмет сапасын арттыруға ықпал ететіні анық.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: