Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы «Жақсымбет» мешітіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зиярат барысында мешіт имамымен жүздесіп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Мешіт имамына нақты тапсырмалар беріп, мешітке қайырылған тұрғындарға көркем мінезділікпен қарым-қатынас жасалуын бұйырды.
Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға бейбітшілік берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі