9 мамыр – Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған 80 жылдық мерейтойлық іс-шараға Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұжымы да белсенді түрде атсалысты.
Облыс орталығындағы "Жеңіс" саябағында өткен ресми салтанатта дін мамандары майданда шейіт болған боздақтар мен тыл еңбеккерлерінің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында отанын жаудан қорғап, жанын қиған бабалар ерлігіне құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың парызы. Осыны терең ұғынған дін қызметкерлері жиын барысында елдің бірлігі мен бейбіт тірлігі үшін дұға жасады.
– Ерлік – ұмытылмас, тағзым – мәңгілік. Біз бабалар аманатын ұрпақ жүрегіне жеткізуді парыз санаймыз. Бұл күн – рухты жаңғыртатын, елдік пен бірлікті арттыратын тағылымды мереке, – деді имамдар.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі