ЖАМБЫЛДЫҚ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ШӘКІРТТЕР ТАУ САЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ШӘКІРТТЕР ТАУ САЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі, "Һибатулла Тарази" медресе-колледжі және "Құран қарилар" курсының шәкірттері Берікқара шатқалындағы Таусамалы демалыс орнында табиғат аясында тынығып, рухани тағылымға толы шара өткізді.

Күнделікті діни білім мен қызметтің жауапкершілігін арқалаған көпшілік үшін бұл демалыс – әрі сергектік, әрі ұлағат мектебі болды. Шараға облыстың бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастап барды. Ол шәкірттермен еркін форматта сұхбаттасып, ел ішінде имам болудың жауапкершілігі мен қызмет әдебі жөнінде жүрекжарды кеңестерімен бөлісті.

Көгалда ұйымдастырылған спорттық ойындар мен командалық жарыстар жастардың белсенділігін арттырып, ынтымақ пен бірлікті нығайта түсті. Шәкірттер футбол, арқан тарту, қол күрес, интеллектуалды ойындар секілді жарыстарда бақ сынасты.

Шара соңында дін қызметкерлері мен шәкірттер жиналып, еліміз бен дінімізге, ел болашағы – жастарға береке тіледі. Осындай тағылымды шаралар жастардың діни білімге деген құлшынысын арттырып, рухани ортада тәрбиеленуіне сеп болары сөзсіз.

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжі ұжымы алдағы уақытта да рухани-спорттық бағыттағы кешенді шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Өйткені табиғат аясындағы осындай рухани демалыстар – имандылық пен ынтымақты тереңдететін таптырмас тәрбие алаңы.

 "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: