ҚМДБ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ ӘЖЕЛЕР ЕҢБЕГІНЕ РИЗАЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

ҚМДБ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ ӘЖЕЛЕР ЕҢБЕГІНЕ РИЗАЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында облыстық "Һибатулла Тарази" мешітіндегі Әжелер алқасының "Дін мен дәстүр" бағыты бойынша жасақталған мұражаймен танысты.

Ұлттық тәрбие мен асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауға арналған бұл рухани мұражай – жамбылдық әжелердің қажырлы еңбегі мен ынтымақты ұйымшылдығының жарқын көрінісі. Мұражайда қазақы қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер, тұрмыстық жәдігерлер, дін мен дәстүр сабақтастығын көрсететін тарихи экспонаттар қойылған.

Динара Құтқожақызы мұражайды аралап, әр бұйым мен жәдігердің мәні мен мазмұнына жіті назар аударды. Әжелердің дін мен дәстүрді ұштастырып, жастарға өнеге боларлық рухани мұра қалдырудағы еңбегіне ризашылығын білдіріп, жылы лебізін айтты.

Ұлағатты ұстазға "Әжелер алқасының" төрайымы Жәмилә Жұмабаева мұражай құндылықтарымен таныстырып, толық ақпарат беріп өтті.

– Осындай рухани орталықтар – ұлттың жадын жаңғыртып, өскелең ұрпаққа ұлағат дарытатын қастерлі орын. Әжелеріміздің бұл еңбегі – елдік пен имандылықтың алтын көпірі, – деді ұстаз.

Мұндай тағылымды жұмыстар қоғамда әйелдердің, әсіресе ақ жаулықты аналардың діни-рухани саладағы белсенділігін арттырып, өскелең ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Бұл мұражай – дін мен дәстүрдің байланысын нақты мысалмен көрсететін ерекше тәрбие ордасына айналып келеді.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: