Шоқай ауылы "Уәли Қалпе" мешітінің молдасы Ержан Сапарбековтың ұйымдастыруымен жас бүлдіршіндер арасында қасиетті кітабымыз - Құраннан жарыс өткізілді. Ауылдағы балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, мұсылмандық міндеттің бірі ретінде орындалған додаға отызға жуық бала қатысып, жүлделі орындар мен қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Әрбір мұсылман баласына қасиетті Кәламды түп нұсқасынан оқып үйрену міндет-ақ. Игі шарада Құранды үйрену мен жаттауға байланысты ынталандыру ретінде уағыз-насихат айтылды. Құранға құрметпен жарысқа атсалысқан демеушілерімізге алғысымызды білдіреміз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі