Меркі: «Неке және оның маңыздылығы» насихатталды

Меркі: «Неке және оның маңыздылығы» насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат Меркі ауданындағы «Достық» мешітінде жамағатқа «Неке және оның маңыздылығы» тақырыбында жұма  уағызын айтты.

Уағыз барысында Нұрлан имам: «Неке сөзінің негізі – «никах» деген араб тілінен енген сөз. Тілдік мағынасы бірігу, қосылу дегенді білдіреді. Шариғаттағы терминдік мағынасы – ер мен әйелдің төсек жақындығын адал ететін, әрі ортақ өмір кешіп, ұрпақ жалғастыруды қамтамасыз ететін  келісім шарт. Ал шариғатта үйленудің үкімі – бекітілген сүннет, яғни Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) істеген ісі.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)хадисінде былай деген: «Некелесу – менің сүннетім. Кімде-кім сүннетімнен бас тартса, менен емес. Үйленіңдер. Өйткені мен қиямет күні өзге үмбеттердің алдында сендердің көптіктеріңді мақтан етемін. Кімде-кім үйленуге шамасы жетсе, үйленсін. Үйленуге шамасы келмесе, ораза ұстасын. Өйткені ораза ол үшін қалқан болады» - деп адал некенің маңыздылығы турасында уағыз-насихат айтты

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: