РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы «Жақсымбет» мешітініде «Неке және оның маңыздылығы» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында Нұралы ұстаз: «Неке – жай ғана екі жастың бас қосуы емес, екі жүректің, екі тағдырдың тоғысуы. Бұл – Жаратқанның жарлығы, пайғамбарлардың жолы, парасат иелерінің таңдауы. Халқымыз: «Отан – отбасынан басталады», – деген. Отанның өзі отбасының берекесіне байланысты. Ер мен әйелдің татулығы – елдің тыныштығы. Сондықтан некені тек құмарлықтың құралы емес, иманның бір тармағы деп түсіну – шынайы мұсылманның белгісі.
Неке ол – құрмет пен қамқорлықтың мектебі, сабыр мен шүкірдің жолы.«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, төрт құбыласы тең болса, төрге озады» – деп халық бекер айтпаған. Ер мен әйелдің ниеті түзу, пейілі кең болса, Алланың берекесі сол шаңыраққа түседі» - деп жиналған жамағатқа тағылымды насихат айтты
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі