ОБЛЫС БАС ИМАМЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН ДИДАРЛАСТЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН ДИДАРЛАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Меркі ауданына жұмыс сапары аясында аудандық колледж студенттерімен арнайы кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың рухани көзқарасын қалыптастыру, дәстүрлі Ислам діні туралы дұрыс мәлімет беру және діни сауаттылықты арттыру болды. Асқар қажы Зәкіржанұлы жастарға адамгершілік құндылықтар, ұлттық болмыс пен діни тәрбие жайында тағылымды уағыз-насихат айтып, студенттерді білім мен иман жолын қатар ұстануға шақырды.

Кездесу соңында студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Рухани мазмұнға толы жиын жастар үшін пайдалы әрі әсерлі өтті.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: