ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Меркі ауданында жастармен кездесті. Аудандық Жастар ресурстық орталығында өткен жиынға жастар мен дін жайында ізденіп жүрген азаматтар қатысты.
Кездесу барысында Бас имам «Жат ағым – ұлтқа қауіп» тақырыбында кеңінен насихат жүргізіп, жастарды теріс діни идеологияның зардаптарынан сақтануға шақырды. Ол теріс ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен олардан қорғану жолдарын нақты дәлелдермен түсіндіріп, діни білімді тек ресми мешіттер мен имамдардан алу қажеттігін баса айтты.
Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, еркін пікір алмасу жасалды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі