ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МЕРКІ АУДАНЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МЕРКІ АУДАНЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы жұмыс сапары барысында Меркі ауданындағы «Меркі ата» мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа «Ұлттардың бірлігі – қоғам бірлігі» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.

Уағыз барысында бас имам: «Қоғамның бейбіт өмірі мен тұрақтылығы – ұлттар мен ұлыстардың өзара сыйластығы мен түсіністігіне байланысты. Ислам діні барлық адамды тегі мен ұлтына қарап емес, тақуалығы мен адамгершілігіне қарап бағалайды. Құранда: “Сендерді бір-бірлеріңді танып, сыйласу үшін ұлттар мен ұлыстар етіп жараттық” деп бұйырады», – дей келе, бірлік пен татулықтың маңызын жамағатқа кеңінен түсіндірді.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: