ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ЖАҚСЫМБЕТ МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ЖАҚСЫМБЕТ МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Меркі ауданындағы «Жақсымбет» мешітінің жамағатымен кездесті. Жиналған жамағатқа «Мұсылманның сипаты» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, мүміннің көркем мінезі мен шынайы мұсылманға тән сипаттарға тоқталды.

Уағыз барысында бас имам Алла Тағала сүйетін сипаттар – адалдық, сабырлық, ізгілік, шүкіршілік, жамағатпен бірлік, көркем мәміле және шынайы тақуалық турасында кеңінен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, қазіргі қоғамдағы мұсылманның рөлі мен жауапкершілігі жайлы маңызды кеңестер берді.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: