ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Меркі ауданында салынып жатқан «Әл-Бақи» мешітінің құрылыс барысымен танысып, нысан басына арнайы барды.
Құрылыс алаңында мердігер компания өкілдерімен кездескен бас имам жұмыс сапасына, қауіпсіздік талаптарына және жоба мерзіміне ерекше назар аударды. Қазіргі таңда мешіттің іргетасы қаланып, негізгі құрылымдар бой көтеріп келеді. Асқар қажы Зәкіржанұлы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы кезеңдегі міндеттерді нақтылап өтті.
Мешіт — ел руханиятының ордасы. Осы орайда бас имам мешіт тек құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар діни-ағартушылық, тәрбиелік қызмет көрсететін кең ауқымды рухани орталыққа айналуы қажеттігін айтты.
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі