ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «АС-СӘЛАМ» МЕШІТІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАРЫП КӨРДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «АС-СӘЛАМ» МЕШІТІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАРЫП КӨРДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Меркі ауданында бой көтеріп жатқан «Ас-Сәлам» мешітінің құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап қайтты. Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы нысанмен таныстырды. 

Бас имам құрылыс сапасына ерекше назар аударып, мердігерлермен және жауапты мамандармен кездесті. Жоспарланған жұмыс кестесімен танысып, құрылыс нысанының уақытылы әрі талапқа сай аяқталуын тапсырды. Сондай-ақ, мешіттің болашақтағы діни-ағартушылық қызметі, жамағатқа ыңғайлы болу мәселелері де талқыланды.

Асқар қажы Зәкіржанұлы құрылысқа атсалысып жатқан барша азаматтарға сәттілік тілеп, бұл игі бастаманың ел руханиятына үлкен үлес қосатынын атап өтті.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: