ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МЕРКІ АУДАНЫНА ІССАПАРМЕН БАРДЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МЕРКІ АУДАНЫНА ІССАПАРМЕН БАРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Меркі ауданына арнайы іссапармен барды.

Іссапар аясында ауданға қарасты ауыл мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысып, мешіттердің санитарлық тазалығы мен жамағатпен байланыс жұмыстарын тексерді. Аудан имамдарымен кездесу өткізіліп, діни қызмет сапасын арттыру, қоғамдағы өзекті діни-әлеуметтік мәселелер бойынша насихат жұмыстарын жандандыру, дәстүрлі діни бағытты нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жиналысқа "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы, мешіт ұстазы Әбдіқадір Сейтқали және Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы қатысты. 

Жиын барысында алдағы жартыжылдыққа жоспарланған рухани және қайырымдылық бағытындағы іс-шаралар таныстырылып, бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер пысықталды.

Облыс имамы діни қызметтің сапасын арттыруда әрбір дін қызметкерінің жауапкершілігі жоғары екенін еске салып, ел бірлігі мен рухани тұтастықты сақтауда имамдардың рөлі ерекше екенін атап өтті.

 "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызмет

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: