Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді» деген. Сонымен қатар, қоршаған ортаны ластамауға, керісінше оны көркейтуге шақырған.
Жуалы ауданы, Рысбек батыр ауылы, «Үрзада апа» мешітінде сенбілік шарасы ұйымдастырылды. Мешіт имамы Сағынбекұлы Кенже және ауыл жастарымен мешіт алды, ауласын қоқыстардан тазартып, абаттандырды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.