Танты ауылы «Танты баба» мешітінің имамы Қанат Қуанышбековтың ұйымдастыруымен жұма намазынан кейін жамағатқа палау таратты. Тантылықтар бұл игі амалды бірнеше рет қайталап үрдіс ретінде жалғастыруда.
Аш адамды тойдыру – үлкен сауапты іс әрі ас беру- адамдар арасында мейірімділікті оятады. Палаудан дәм ауыз тиген жұрт мешіт қызметкерлері мен сауапты іске үлес қосқандарға алғысын жаудырып жатты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі