Сұлутөр ауылы «Хаджи Темаль Медина» мешітінің молдасы Ансар Абилов тасаттық мешітте ауыл тұрғындарын жинап, ықылымнан жеткен үрдіс- тасаттықты орындады. Шараға жүз адам қамтылып, қасиетті Құран оқылып, истисқа намазын орындап, Алла Тағаладан жаңбыр тілеп, дұға жасалды.
Тасаттық – қазақ халқының табиғатқа деген құрметін, жауын-шашынның маңыздылығын және жердің құнарлығын арттыруға деген ұмтылысын көрсететін ерекше салт-дәстүр. Бұл дәстүрдің шығу тарихы ежелгі дәуірлерге барып тіреледі және оның мәні қазіргі таңда да өзекті. Тасаттық арқылы қазақ халқы табиғатпен үйлесімділікті сақтап, рухани және мәдени құндылықтарын нығайтуды көздеген.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі