"ҚЫЗ ЖІБЕК" жыры қолжазбадан аударма \ 7 бөлім

"ҚЫЗ ЖІБЕК" жыры қолжазбадан аударма \ 7 бөлім

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Төлеген бір мезгілде ес жиып алса, шалқасынан жатыр екен. Ауада ұшып жүрген қаздарды көріп, жан шығара далбасалап қаздарға айтқаны.

Ауада ұшқан алты қаз

Етің шекер, сорпаң баз

Қонар болсаң жануар

Міне майдан міне саз

Өлмеген құлға Құдай ау

Болып қапты міне жаз

Әкемді айтып қайтейін

Шешемді айтып қайтейін

Көкешім деп Сансызбай

Еркелеп кімге қылар наз

Әуелеп ұшқан алты қаз

Жерге неге келмейсің

Сіздер тірі, мен өлі

Жатырсың неге демейсің

Қасырет, қайғы қалымды

Неге келіп білмейсің

Тілсіз мақұлұқ жануар

Бірге келген жолдасым

Қасыма неге келмейсің

Мұнан бұлай кеткенде

Теңізге таман жеткенде

Ойға тосын төзем деп

Өрге шықса белім деп

Қартайған әкем Базарбай

Алдыңнан шығып жануар

Қарағым менің Төлеген

Көрдің бе десе не дейсің

Онан арман өткенде

Жая десем жал берген

Шекер десем бал берген

Әр алтауы дәм берген

Алақандап өсірген

Еркелік қылсам кешірген

Алдыңнан шығып сорлы анам

Құлыным менің Төлеген

Көрдің ба десе не дейсің

Онан әрмен өткенде

Малға таман жеткенде

Қарға жонды қаттасым

Үйрек  жүнді өттесім

Тай құлындай бірге өскен

Таласып емшек еміскен

Бір төсекте жатысқан

Көп қызыққа батысқан

Асық ойнап алысқан

Өлгенін аға көрелмай

Қолынан суын бералмай

Ажалым жетті алыстан

Жалғыз інім бауырым

Жылжымас жерден бауырым

Қанатым да қияғым

Табанымдағы тұяғым

Алдыңна шығып жануар

Жалғыз інім Сансызбай

Көкешім менің Төлеген

Көрдің бе десе не дейсің

Сауыттың көзі сытылып

Есептей кетті дейсің бе

Баратұғын жеріне

Жетпей кетті дегейсің

Алтын сауыт, жебе көз

Түймеден кетті дегейсің

161 бет

 

Өлі екенін білмеймін,

Тірі екенін білмеймін

Қос обаның жанына

Құс қонбас қола жанында

Қоса кетті дегейсің

Маңдайымнан аққан қан

Жоса кетті дегейсің

Алтын жабдық көк жорға ат

Бір қарақшы астында

Босқа кетті дегейсің

Жылай, жылай бір жалғыз

Дүниядан өтті дегейсің

Төлегеннің тілдері

Осы сөзге келеді

Екінші сөзге келмейді

Батқан күнмен қарайып

Едәйірқа Құдай деп

Ақыретке сапар жетеді

Маңдайдан тиген жалғыз оқ

Желкеден ағып өтіпті

Алланың жазған пәрмені

Ажал сөйтіп өтіпті

Айтып, айтпай не керек

Сол сықылды асылдар

Кебіні жоқ, көрі жоқ

Мұратына жетелмай

Арманда болып өтіпті

60 қарақшы Төлегенді өлтіріп, олжасын бөліп алып, айтуға қорқып, білдірмей жата берді. Сонымен сегіз жыл өткен соң Бекежан Төлегеннің өлгенін Жібек естімесе маған тимес деп өзі айтып, білдірмек болады

Өлгенін естімесе маған тимес

Күдер үзсе өзгені сірә сүймес

Білмеген соң анық менің ерлігімді

Өзі де Төлегеннен қатты күймес

Бұған мен кер жерде естімейін

Жай жерде айтып шошытып кетірмейін

Бұл тойда айтуыммен естіп қалсын

Адамға оған дейін сездірмейін

Бекежан мұны ойлап той қылады

Жібекті аламын деп ой қылады

Көкжорға атын сыпыртып жетіп келіп

Тосаттан Қызжібектің сөз қозғады

Көк жорға ат ерттеулі тұр алтын жабдық

Көп жігіт жеңілгенсің кетті қаңғып

Бекежан той болған соң айтыспаққа

Тосыннан Қызжібектің келді аңдып

Айтамын айт дегенда арман Жібек

Түйедей ботасы өлген зарла Жібек

Кеткелі жаман жарың көп жыл болды

Қабары сол жездемнің барма Жібек

Арасы 2 ауылдың жүрген шығар

Етегін торғын көйлек түрген шығар

Артымда жеткіншегім жас деушеді

Айналып сұм дүнияға жүрген шығар

162 бет

 

 

Қызжібек тартылтармын заманыңды

Айрылып білмей жүрсің қалғаныңды

Ат ізін 8 жылдай бір салмаған

Мырза деп мақтай берме жаманыңды

Елімнің несін алып, не бермейін

Дүнияда тірі жүрсем не көрмейін

Арғында 6 Шекті  алпыс мырза

Ізіне басып кеткен тек көрмеймін

Айтамын айт дегенде әуелім жер

Қызжібек алақ болар бейілің тар

Немеңді өліп қалған сонша мақтап

Көкжорға ат астымдағы көзіңді сал

Жоқ екен ей Бекежан ақыл айлаң

Канекей құрбы болып тиген пайдаң

Атаңа налет қана ит қарақшы

Көк жорға ат астыңдағы алдың қайдан

Жол тосып Қособада жатып алдым

Біреуді мергендікпен атып алдым

Болғансын өзім батыр кімді аяйын

Өлтіріп Төлегенді тартып алдым

Бекежанның бұл сөзі

Мұнды болған Жібектің

Өкпесінен орады

Өксіп, өксіп жылады

Ғашық болсаң сондай бол

Әр адайға Құдай деп

Керегені құшақтай

Етпетінен құлады

Қызжібектің беттерін

Кереге көгі жырады

Ілаж таппай Қызжібек

Ішінен судай тынады

Біреудің қуанышты тойы еді

Адыра талқан ойлады

Бекежанға қарады

Атаңа налет қарақшы

Көрсетпе маған тойыңды

Бітіріпсің ісіңді

Қайтіп көзің қиды екен

Со сықылды мүсінді

Алдыңа қазір келтірер

Маған қылған ісіңді

Тәңір мені жаратса

Құдайым сені қарғасын

Қатын балаң мендей боп

Бәрі түгел зарласын

Басыңа қиын іс түсіп

Қасыңа досың бармасын

Қызжібектің айласын

Бекежанның мен көрдім

Осы жерде пайдасын

Туыспай кеткір алты ағау

Бармысың тойда қайдасың

Сырлыбайдың алты ұлы

Алтауы бірдей жүр еді

Отырған жылап Жібектің

Тұсына жетіп келеді

Қызжібектің тұсынан

163 бет

 

 

Көкжорға атты таныды

Бір сұмдықтың болғанын

Енді бұлар біледі

Жағасынан ұстады

Алатуы бірдей қатары

Көкжорға аттың үстінен

Жұлып алып тастады

Бекежандай батырды

Енді ортаға алады

Мойнына арқан салады

Сүйретіп барып алтауы

Төлегеннің жолына

Құрбандық қылып шалады

Әлқысса Сансызбай 17 жасқа келеді. 8 жылдай ағасынан қабарсыз болып, қаружарағын алып, іздемек болып, атасының алдына келгені.

17 жасқа келген соң

Сансызбай атқа мінеді

Батсын ала кеткелі

Атасына келеді

Айналайын жан ата

Ботаңның айтқан сөзіне

Құлағыңды сал ата

Арызға келді балаңыз

Ұрықсат бата бер ата

Айналайын жан ата

Көтергіл бермен басыңды

Мен көкемді сағынып

Қайғыменен қан жұтып

Ішелмадым асымды

Ұрықсат бер жан ата

Айналайын жан ата

Жеткізді Құдай жасымды

Көкемді мен іздейін

Жер шарын кезейін

Жоқтаусыз қойға ұнай ма

Туған соң бірге біз дейді

Батаңды бер жан ата

Тірі-өлісін білгенше

Күдерімді үзбейін

Осылай деп зарлады

Бата сұрап Сансызбай

Ұлына түрегеліп былай деді Базарбай

Күдерімді үзбейін

Өзің оңда сапарды

Жаратушы бір Құдай

Қанатымнан қайрылдым

Қалыңға соққан қырандай

Тас қатып тұяғым

Табанымнан майрылдым

Жол жүрісуге қимаған

Бір сағаттай көрмесем

Дидарына тоймаған

Төлеген сынды баламды

Ақырында Құдайым

Бір көруге зар қылған

Жұмыла ғайып жарандар

Үйде, түзде болса да

Бұйрықтан адам қалар ма

Жолың болсын бар балам

Тапсырдым сені Аллама

Іздеп келгіл ағаңды

Екінші және тапсырдым

Шарапа атты өткен бабама

Баласына былай деп бата береді Базарбай

Түрегеліп қол жайып

Амин деді сансызбай

Төлеген айтқан көк бурыл тай

Ат болыпты он жасар

Пәрменімен желіктеп

Ошағымен еліктеп

164 бет

 

 

Әйелін (Айылын) бабтап алады

Жел тимесін бауырға

Орай тартып қалады

Ер Шегені басшы ғып

Екеу ара 3 тұлпар

Қос атқа бірін алады

Амандасып айрылып

Қоштасып жұрты қалады

Төлегенді іздеп Сансызбай

Сапарға басын салады

Жол көрмеген жас бала

Тіуекел Алла Құдай деп

Жайыққа кетіп барады

Қоштасып, шулап, ел -жұрты

Жөнелтті тағы баланы

 

Әлқисса Сансызбай

Шегемен бірнеше күн жол жүріп, Жайыққа келіп Сырлыбайдың ауылын сұрап, анадай жерде бір қойшыға келіп Жібекті Қалмақтыңбаса көктеп алғай жатқанын және Төлегенді Бекежан қарақшы өлтіргеніне 8 жыл болғанын естіп, Сансызбай жылайды.

Сансызбай сондай жылайды

Көзінің жасын бұлады

Бауырың өлді дегенін

Неше батыр болса да

Қайтып шыдап тұрады

Екеуміз бірдей жыласақ

Жұбататын кім бар деп

Ер Шеге сабыр қылады

Бір жерлерге келгенде

Сансызбай аттан құлады

Құбылаға қарай бас қойып

Мінажат қылып Аллаға

Сәждаға бас ұрады

Сонда жатып жылады

Жылайды да толғайды

Артық туған көкешім

Бұл дүниедай өтіпсің

Ол дүнияға жетіпсің

Мен мүсапір ініңді

Қасыретке тастап кетіпсің

Жолбарыс қашар қолыңна

Айқалғана дауыстан

Басына Құдай салғансын

Көкешімнің ішіне

Ғашықтық оты жабысқан

Жаһан кезіп жүргенде

Қызжібекті тауыпсың

Осынша қиын алыстан

Тапқаныңмен не пайда

Ажалың жетті алыстан

Айналайын көкешім

Кәне пайда, не көрдің

Кебінің жоқ, көрің жоқ

Жапанда жатып, жан бердің

Батырлар жауға шабады

Қолына жасыл ту алып

Көккешімді табам деп

Мініп ем атқа қуанып

Бұл жерлерге келгенде

Дария шалқар көліміз

Жер болып қалды су алып

Қайранда менің көкешім

165 бет

 

Кебінің жоқ, көрің жоқ

Ит пенен құсқа жем болып

Жапанда қапсың қуарып

Айналайын көккешім

Жүреріңді қимадың

Өлгеніңді енді есітіп

Көздің жасын тиғаным

Алтын сүйек көкешім

Ата менен анамның

Маңдайына симадың

Асылық қылмай сөйлейін

Рахым атты Құдай ау

Төлеген сынды бәндәңның

Жолдас қылғыл иманын

Шеге ақын енді сөйлейді

Айналайын Сансызбай

Көлге біткен құрағым

Суырылып озған пырағым

Жасың жиғың көзіңнің

Жыламағыл шырағым

Ырас болса өлгені

Төлеген сынды ағаңның

Жұмақтан жазсын тұрағын

Ноқталы басқа бір өлім

Өкініш қылма өлімге

Өз тілеуің сұрағың

Бәрі де өлген ойласаң

Жүз жиырма төрт мың пайғамбар

Бұрынғыдан біреу жоқ

Өлмей сірә кім қалар

Қазаға разы болмаған

Тәңір алдына барғанда

Рахматынан құр қалам

Өлімге қатты налиды

Ғапылдықпен пәндәлар

Шайтанға сірә өлу жоқ

Жақсылық тағы көру жоқ

Өлмесек шайтан боламыз

Онанда пәндә не табар

Қанаты бүтін сұңқар жоқ

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ

Алладан үкім келген соң

Қанша айтсада тоқтау жоқ

Айы жеткен айында

Күні жеткен күнінде

Дәм таусылса жүру жоқ

Айналайын сансызбай

Құлағың сал сөзіме

Тәңір өзі айдады

Атасы мен анасын

Көрсетпеді көзіне

Бұйырған жері топырақ

Келіпті міне кезіне

Зар болып қалдық мінекей

Кешегі жүргенн Төлеген

Басып бір кеткен өзіне

Өкініш қылма өткеніне

Мүсапір жолда жүргенде

Ғұмыр берсін өзіңе

Сансызбайды жұбатып, атқа мініп Шеге былай деді: «Осынша жалпы елдің күшке келмеген Қалмаққа біздің әліміз келмес, Жібекті ала ғой деп Қалмақ бермесе. Елге қайтайық» деді. Сансызбай: «Жібекті не алып қайтам, не өліп қайтам» деп, көптің ішіне кіріп тыңдаса үлкен ақ  үйден мынай сөз естіді

166 бет

 

 

Жайықтың шуылы ай

Көр болды көзім жылай ай

Төлеген сынды мырзадан

Айырдың өзің Құдай ай

Көргеннен ақ қорқып ем

Көрінбегір түсімді

Оңдамаған екенсің

Бастапқы менің ісімді

Жараттың мені пәндә ғып

Осы Қалмақ алып ақ

Құртама менің мысымды

Жайықтан көшкен көп шекті

Қонады барып тарапқа

Не пиғылмен Құдая

Іліндім мұндай қармаққа

Жаратқан ием Жаббар ай

Шын нәсіп қылдың ба

Нәсілі жаман Қалмаққа

Мұны естіп Сансызбай Шегені жұмсады

Айналайын Шеге аға

Артық туған ер аға

Жібек сынды жеңгеме

Жұмсадым сізді мен аға

Жалғыз ауыз сөзім сол

Жібек сынжы жеңгемнен

Бір жауап әкп бер аға

Жау жағадан алғандакіріптар қылып дұшпанға

Кетпейік тастап ер аға

Шәрманда болып Құдайға

Өтірік айтып келме аға

Батыр туған Шеге ақын

Бұда бір асқан ер еді

Қолындағы тұлпарды

Сансызбайға береді

Желе басып Шеге ақын

Елге таман жөнеді

Өлең айтқан ақ үйдің

Тұсына жетіп келеді

Тойдың ішін аралап

Қалмақтың қалың әскері

Тамаша қылып көреді

Отырған зарлап Жібектің

Тұсына жетіп келеді

Нағыз өзі осы еді

Әуелі басқосқаным Жағалбайлы

Жылқысын көптігінен бағалмайды

Өлгені Төлегенің ырас болса

Құдайым Қызжібекті неге алмайды

Тағыда басқосқаным Жағалбайлы

Жылқысын көптігінен бағалмайды

Інісі Төлегеннің бар ма, жоқ па

Жесірін іздеп келіп неге алмайды

Тағыда басқосқаным жағалбайлы

Жылқысын көптігінен бағалмайды

Сол елден өзім іздеп кетер едім

Жіңішке әйел жолын табалмайды

Мұны естіп алып сонда

Жекті шеге біледі

Алладан пәрмен тіледі

167 бет

 

 

 Ұмтыла басып шеге ақын

Жібекке таман келеді

Қалың қолды қақ жарып

Арық қойдай тырысып

Баз біреумен ұрысып

Баз біреумен жұлысып

Өлдім, талдым дегенде

Қызжібектің тұсыне

Шеге де жетіп келеді

Жібекжан бәтуа бермес сізде й бір жан

Бітіпті қор қызындай саған келбет

Тәуірлеп өлең жақын айтқыл маған

Адамға о да болса бір ғанибет

Басы еді өлеңімнің айым қайым

Бітеді Қия тауға тал мен қайың

Қашан өлең адыра қалған менен

Білмейтін қандай жан ең менің жайым

Көрдім да шырай жүзің, көңілім толды

Бейіштегі көреді сарай жолды

Естіп ем осы тойды сенікі деп

Жарықтым не себепті болдың мұңды

Дауысың кетті аға құлақ жарып

Айыр салған ел-жұртынан мен бір қаріп

Ей аға мен көрмеген жан екенсің

Отырымын бұрымыңа қайран қалып

Нәсілің алмай жердің адамысың

Қай жақтан келіп тұрсыз арып, талып

Бітіпті қор қызындай саған көрің

Сүйегім ар тұзына барды еріп

Жарықтым қалайша боп түстің нұрға

Мінісін айтыңызшы есітелік

Алланың өкіміне жүрмін көніп

Зар болдым жанған шырақ шамым сөніп

Құдайым қосағымнан айырған соң

Отырмын жау Қалмаққа бәндә болып

Сарыағаш қиған сайын құм болады

Замана жылдан жылға сұм болады

Қайын ата, қайын ене қайсы рудан

Аттары күйеуінің кім болады

Жақсысының бал тамады тіл бағынан

Өлімнің кім құтылар қармағынан

Алдында жүріп қызмет қылмасамда

Қорқамын атын атауға әруағынан

Жақсыға жаман адам сірә жетпес

3 жаман бір  жақсының басына өтпес

Сұрады зар суретпен білмек үшін

Бір жолға атай қалсаң іштеңе етпес

Қыз боз бала жиналып

Өтеді кеш тамаша

Әңгіме дүкен құруы

168  бет

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: