Төлеген Жібектің сұлулығынан бойынан мін табалмай ғашық болып, кесірлігің бар деп тиіп айтып, сөйлетпек болып былай деді:
Басыр басыр басырда
Аққа құлын басылды ау
Басыңды көтер ей Жібек
Төлеген келді қасыңа
Қыз басыңмен алшақтап
Бүйте берме Жібекжан
Кесірің тиер басыңа
Қызжібек мінген күймесін
Күймеге тағып түймесін
Қыз басыңмен алшақтап
Бөліне берме ей Жібек
Бір кесірің жұртқа тимесін
Жібек сонда сөйледі
Олай десең Төлеген
Мен жайымды айтайын
Ағыным судай ағады
Халқым малдай бағады
Жұртым қойдай ағады
Менің қылған кесірім
Саған қырсық болса да
Өзіме майдай жағады
Жалғыз атты жолаушы
Жақындамай аулақ жүр
Үстімдегі кесірім
Таянсаң саған жұғады
Ат байлаған шақыр тас
Арқама біткен қолаң шаш
Қайдан келіп кез болдың
Қаңғырып өскен бір қу бас
Жалғыз атты жолаушы
Кесірім ұрып кетпесін
Жақындамай аулақ қаш
Төлеген сонда сөйледі
Қызжібек мінген күймесін
Күймеге тағып түймесін
Іздеп келген Төлеген
Мал беріп сені алмасын
Жібек сонда сөйледі
Жақсы айтасың Төлеген
Сіздей сіздей әр жерден
Талай бекзат келгенді
Бәріде айтқан Жібек ау
Сені алмасам демеген
Көбі келмей шеніме
Бедерлі болып жөнеген
Келсең кел шындап қасыма
Шай мамығым басыңа
Алуа шекер беремін
Ішетұғын асыңа
Келмесең әрмен кете бер
Құрметіңе мінекей
Бар дамбалым басыңа
Қан алдында олай десең сенімен жеңген жерде сөйлесермін деп жүріп кетіп, Қаршығамен екеуі Сырлыбайдың ауылына келе жатса алдарынан оншақты жасауыл шыға келіп қаңғырған жалғыз атты жолаушыға Жібектің басын базарға салып Қаршығаны жолдасымен алып кел деп бізді жіберді деп ханымыз ашуланып жатыр деді. Онда өзіміз барамыз деп ауыл сыртында ақсақалдарға сәлем беріп Төлегеннің айтқаны
150 бет
Болғанда айдай әлем күндей күлем
Аузымды ашсам денемнен қайнайды өлең
Отырған мәжіліс құрып ақсақалдар
Сіздерге Төлеген кеп берді сәлем
Уағалейкумсалам жаным балам
Жүрісің ат жаратып, бәрін тамам
Келіпсіз ат сабылтып алыс жолдан
Сөйлей бер жолың болсын, шырақ кәнәм
Ойылдаймын келе жатып ақыл ойла
Ойлаған ақыл-ойда жанға пайда
Келеміз ат сабылтып соның үшін
Дегенмін Жібек сұлу ауылы қайда
Бәріңде бір-бір бедеу мініпсіңіз
Ойын-күлкі сауыққа жүріпсіңіз
Дегенінің Жібек сұлу ауылы жақын
Бар еді қандай балам жүрмісіңіз
Көріп ем Қызжібектің нұрын, түсін
Бітпеген еш бәндаға ондай пішім
Қызжібек Төлегенге тимек болған
Қаршекем арасына жүрмек болған
Келеміз ат сабылтып соның үшін
Тіккенім саудагардің қосымеді
Айыппен 40 шілтен досым еді
Кешегі Төлегенді ажандаған
Көп дұшпан көреалмаған қасым еді
Жібегім тисе тисін өз теңі екен
Кешегі айтқан Төлеген осымеді
Жібегім Төлегенді көрген екен
Жібекжан енді өлмесін білген екен
Разымын Қаршығаға неде болса
Кемітбей өз теңіне жүрген екен
Әлқисса Төлегенге Жібек қалыңдық ойнамақ болып оңаша шатырында жатқанда Жібекке ғашық 60 жігіттің бастығы Бекежан қарақшы ақылдасып өлтіреміз дегенін бір байғұс адам естіп қойып, Төлегенге айтады. Төлеген мұны естіп Қаршыға келгенде, мұңайып айтқаны
Қаршыға сонда сөйледі
Көлге біткен құрағым
Суырылып озған пырағым
Неге мұнша мұңайдың
Біреудің тілі тиді ме
Айтсайшы маған шырағым
Ертеңді кеш әр уақытта
Жат етемін бірімді
Қорқып қалдым Төлеген
Көрген соң сенің түріңді
Тірі болсам табайын
Көңіліңдегі кіріңді
Неге маған мұңайдың
Айтшы маған сырыңды
151 бет