Сылдырап Жібек жөнеді
Неше түрлі сәулетпен
Іңірде шайтан көшкендей
Құланнан атты құрықты
Көлден тартты жорықты
Бір көргенге ынтық боп
Төлеген мырза шұнықты
Талма түстің шағында
Ақ отаудың ішінде
Айбынды туған Қызжібек
Төлегеннің мойнына
Асыла барып отырды
Төлеген сондай сөйледі
Келдің Жібек қасыма
Отыра кеттің асыла
Кешегі салың қай ақың
Той болды салсаң басыма
Жібек сонда сөйледі
Қинама бешпент қинадым
Әзілменен сынадым
Әзіл қып айтқан бұл сөзді
Әлі ұмытпай жүрмедің
Төлеген мырза шырағым
Екі бекзат қосылып
Көңілдері тынады
Екеуінің суреті
Іләйлі Мәжнүн болады
Екі ғашық нұрына
Күнде балқып толады
Екеуінің бұрымына
Көрген адам әммесі
Тамаша қайран болады
Ойын-күлкі, сауықпен
Көп қызыққа қалады
Көп қызығын тамаша
Кеште болып қалады
Кеш болғанша отырып
Күн батқан соң апаңыз
Күйеуге төсек салады
Төсек сайлап алған соң
Жатар мезгіл болады
Ендігі сөздің қысқасы
Жездеңіздің мойнына
Айбынды туған Қызжібек
Асыла барып құлады
Сығалап атқан ақ қыран
Қадаған жерден ұрады
Қаршыға ілген үйректен
Сындыра мойнын бүрады
Екі көңіл шат болып
Көңілдерің тынады
Таң атқан соң апамыз
Жездеңіздің қойнынан
Қақсай басып тұрады
Төлеген 3 ай қалыңдығының ауылында ойнап жатып, бір күні еліне жүрмек болғанда Жібек тап сол күні түс көріп, шошып оянып, жеңгесін шақырып алып, түсін жорып айтқаны
154 бет
Шақырып алды Қызжібек
Өзінің жақын жеңгесін
Омырауда алтын теңгесін
Сырласатын кезінде
Келтірмейді екен өзгесін
Ау жеңеш-ау, жеңеш-ау
Мінезің еді өзгеше-ау
Төлегенге барып кел
Тілімді алса жүрмесін
Ата-анасы бармекен
Жал-құйрығы сай мекен
Ия болмаса Құдай-ау
Қаңғырып өскен қумекен
Атасы оның кім болар
Анасы оның кім болар
Сұрап келші жеңеше-ау
Қандай заман күн болар
Мен бір бүгін түс көрдім
Түсімде жаман іс көрдім
Алтын тақтың үстінде
Бір жалаңаш құс көрдім
Төлеген мінген көк жорға ат
Ер тоқымсыз бос көрдім
Ел жайлаған АқЖайық
Жағалай біткен бидайық
Алдымда жанған шырағым
Біреу үрлеп өшіріп
Көзімнен болды сол ғайып
Қолымдағы Тұйғынның
Зулап келіп аспаннан
Желкесін қиды бидайық
Пендем десін Құдайым
Емес еді бұл түсім
Көруге маған ылайық
Айналайын жеңеше ау
Төлегенге барып кел
Тілімді алса жүрмесін
Құдайға бізде жылайық
Төлегеннің мен білдім
Бір кеткен соң келмесін
Жарық дүние ұясын
Білдім көзге ілмесін
Білгізді Құдай мен қуға
Бір кеткесін Төлеген
Бұл жерді қайтып көрмесін
Мұндай қорлық жеңеше-ау
Тірілікте Құдайым
Еш бәндаға бермесін
Базарбайдың Төлеген
Жеңгесін келсе алқынып
Неғып жүрсің демеген
Жеңгесі сонда сөйлейді
Айналайын Төлеген
Бикешжан бүгін түс көрді
Түсінде жаман іс көрді
Алтын тақтың үстінде
Бір жалаңаш құс көрді
Астыңдағы көк жорға ат
Ертоқымсыз бос көрді
Ел жайлаған Ақжайық
Жағалай біткен бидайық
Алдында жанған шырағын
Бір күн үріп өшіріп
Көзінен бопты сол ғайып
Қолындағы Тұйғынның
Зулап келіп аспаннан
Желкесін қиды бидайық
Айналайын күйеужан
Тілімді алсаң жүрмеңіз
Құдайға бізде қылайық
155 бет