Меркі: 23 сәуір ұлттық кітап күні

Меркі: 23 сәуір ұлттық кітап күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы “Ұлттық кітап күніне” орай «Меркі ата» мешітінің «Көркем сөз» оқырмандар тобымен «Бір айда бір кітап» жобасы аясында бас қосты.

Жиын барысында аудан бас имамы ұлттық кітап күнімен құттықтап, кітап оқудың пайдасы жайлы уағыз – насихатын айтты. Оқырмандар оқып жатқан кітаптары жайлы ойларымен бөлісіп, кітаптан алған пайдалары жайлы сөз қозғады.

Кітап – рухани қазына. Тарих бойы кітап адамзаттың ойын, тәжірибесін, арманын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін дәстүрлі аманатқа айналды. Қазақ халқы үшін де кітаптың маңызы ерекше. Абайдың «Қара сөздері», Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» сияқты туындылар халқымыздың тілін, тарихын, философиясын әлемге танытты. Кітап – біздің рухани тірегіміз, ұлттық бірегейлігіміздің көрінісі.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: