ҚОРДАЙ: «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!» БАЙҚАУЫНА ИМАМ ҚАТЫСТЫ

ҚОРДАЙ: «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!» БАЙҚАУЫНА ИМАМ ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлы өз ғұмырында тек өлең жазумен шектелмей, халқына ой салар "Қара сөздерін" жазып қалдырғаны баршамызға мәлім. Бұл туындылар — ұлттың рухани бағыт-бағдарын айқындаған теңдессіз мұра.

Осы асыл мұраны дәріптеу мақсатында Қордай ауданы, Қаракемер ауылы «Қаракемер-2» мешітінің имамы Таубалды Данияр Сәрсебекұлы Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абайды оқы, таңырқа!» байқауына арнайы шақыртумен қатысты. Байқау барысында жас ұрпақ Абайдың қара сөздерін жатқа оқып, ой биігінен көрінуге тырысты. Ауыл имамы тәрбиелік мәні терең шарада сөз сөйлеп, үздік қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті.

Кемеңгердің әрбір сөзі – ұрпақ санасын оятар рухани шамшырақ. Қара сөздер арқылы жастардың жүрегіне имандылық пен ізгілік ұялату – бәрімізге ортақ міндет. Алла Тағала баршамызды көкірек көзі ояу, адамзатқа пайдасы тиер ізгі құлдардан қылғай!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: