Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің имамы Әли Олжабайұлының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында шахматтан жарыс өтті.
Жарысқа аудан бас имамы Қанат Әділханұлы және ауыл имамдары мен мешіт жамағаттары қатысып, жүлделі орындарға қызу талас болды. Жарыстың мақсаты адамның ойлау қабілетін дамытып дұрыс шешім қабылдауға үндейді.
Қанат Әділханұлы: «Ең алдымен, Алланың қалауымен. Екінші, діннің сақталып қалуының бірден-бір себепкері ол – дәстүр! Бұған ешкімнің таласы жоқ шығар. Осы дәстүр арқылы біз өзімізге имандылықты, мейірімділікті, ыждаһаттылықты, жалпылай алғанда тұтастай Исламды сіңіре білдік. Ата-бабаларымыз әділдік пен ізгілікке, қайырымдылық пен өзара бауырмалдыққа, даналық пен білімге тұнған кемел дін Исламды қаншама ғасырлар бұрын осындай асыл да бекзаттығы үшін аттай қалап, таңдағаны бекер емес. Ұлт болуымыздың өзі бір Алладан болғандықтан, оған жету жолы да ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрмен біте-қайнасып кеткен таза Исламда», - деп «Ислам және дәстүр» тақырыбында насихат айтып қатысушыларға алғысын жеткізді.
Жарыс қортындысы бойынша:
1-орын: Төлеубаев Айдар «Тараз қаласы» (5 000 теңге);
2-орын: Жұмағұл Қанат «Байзақ баба» мешітінің бас имамы (3 000 теңге);
3-орын: Кеңбаев Ахмет «Аққия» мешітінің имамы және Наржанов Темірхан «Кеңес» ауылы (2 000 теңге).