Меркі ауданы әкімі Ербол Жұмабекұлы атынан ауданымызға қарасты «Меркі ата», «Жүніс молда», «Рақымбай ата» мешіттерінің асханаларында ақ дастархан жайылып, ірі қара мал құрбандыққа шалынды.
Игі іс-шара барысында ауданымызда болған соңғы келеңсіз оқиғаларға байланысты көңіл айтылып, дүниеден өткен марқұмдардың рухына арнайы Құран оқылып, дұға жасалды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі