Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Кеңес» ауылдық спорт кешенінде ауыл имамдары мен мешіт жамағаты арасында «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы аясында ұйымдастырылған үстел теннисінен бақ сынасты.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы жарысқа қатысушыларға: «Ислам діні көптеген пайдалы ойындарды халал деп, ал кез-келген құмар араласқан ойындарды харам еткен. Теннис спорттық ойындардың халал түріне жатады. Дене қимылына және көзге көп пайдасы бар. Мұның шарттары бар: Әуелі ақша тігіп ойнамауы қажет. Екінші, уақытты ысырап етпеуі керек. Үшінші, ойналған жер халал мекенде болуы шарт. Яғни теннис үстелі казино, арақ-шарап ішетін лас орындарда болмауы қажет. Мұндай жағдайда жалпы іс-әрекет сол казино ойынының бір бөлшегіне айналады», - деп «Қазақ халқының ұлттық ойындары» тақырыбында насихат айтты.
Жарыс қортындысы бойынша:
1-орын Төлеубаев Айдар, Тараз қаласы (10 000 теңге);
2-орын Сыдықов Дәурен «Кеңес» ауылы (7 000 теңге);
3-орын Таңаев Бөлебай және Ақбердиев Ғалымжан, Кеңес ауылы (5 000 теңге).
Қалған қатысушыларға 2 000 теңгеден берілді.