«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады».
Денені құрайтын ағзалардың бірігіп дұрыс жұмыс жасағанында ғана дененің сау болатындығы сияқты, қоғамның мүшесі саналатын адамдар да, өзара бауырмалдық пен бірлікте болса, ол қоғам өркендеп гүлденеді. Жат ағым өкілдері көбіне осы мұсылманның бірлігіне сызат түсіріп, оларды бөлуге, бір-біріне деген дұшпандық сезімін оятуға тырысады.
Қордай ауданы, Қордай ауылы, «Нұрислам» мешіті имамы Зейнудин Жұмабайұлы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында» орталық мамандарымен кездесу өткізді. Жат ағымның зияны, одан сақтану жолдары түсіндіріп , діни сауаттылықты арттыруға кеңес берді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген ізгі ниетпен басқосу аяқталды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі