«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады», «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген сөз бекер айтылмаған. Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Қариялар - халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз.
Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешіті имамы Нұрмұхамед Сәбитұлы ауыл ақсақалдарымен кездесу өткізді. Қарияларға құрмет көрсетіп, алғыс айтып, жылы сөздерін жеткізді. Отырыс соңы ақсақалдардың батасымен аяқталды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі