Қордай: Раскажи мне об исламе

Қордай: Раскажи мне об исламе

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам – адамзат баласын ең әуелі жаратқан Алланы дұрыс тануға шақырады. Бұл өмірге не үшін келдік? Аз ғұмырда қандай іс жасауымыз керек? Неден сақтану қажет? Адам баласы өмірден өткеннен кейін не болады? Мұның жауабын бізге иман негіздері үйретіп, дұрыс сенім қалыптастыруға бағдар береді. Алланы таныған пенденің бойында тазалық және құлшылық болады. Оның талабы мен тәртібін, шынайы құлшылық жасаудың формуласын шариғат үйретеді.

Адам баласы қоғамда өмір сүретіндіктен, ізгі қасиеттерді иманы арқылы бойына дарытады. Жан-дүниесін рухани байытып, кемелдікке баулитын да – осы дін Ислам. Қордай ауданы әйел-қыздар сектор жетекшісі Эльмира Аманқожақызы ислам дінін қабылдаған және өзіне Аиша деген сүннет есім таңдаған келіншекпен кездесті. Иман және ислам шарттарын түсіндіріп,  мазалаған сұрақтарына жауап берді. Құлшылықтарына бекем болуы және білім алуына ниет пен амал  жасау керектігі түсіндірілді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: