Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев «Уақып – тұрақты сауаптың көзі» тақырыбында мешітке келген жамағатқа уағыз-насихат айтты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Адам баласы дүниеден өтсе, оның барлық амалы тоқтайды. Тек үш нәрсе жалғасады, олар: тұрақты садақа (уақып), пайдалы білім және ол үшін дұға ететін салиқалы ұрпақ» (Муслим риуаяты) деп бұйырған. Осы хадиске сәйкес уақып – тұрақты сауаптың көзі.
Уақып – Исламдағы ерекше қайырымдылық жүйесі, ол адамды Аллаға жақындатып, қоғамға тұрақты игілік қалдыруға мүмкіндік береді. Наиб имам қазіргі заманда білім беру, экология, денсаулық сақтау салаларына үлес қосу арқылы уақыпты заманауи жобаларға да арнауға болатынын түсіндірді.