Сұлутөр ауылы «Хаджи Темаль Медина» мешітінің молдасы Ансар Абилов жастарды мешітке жинап, «Жат ағымнан аулақ болайық» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Имам уағызында діннің атын жамылған жат ағымдардың құрығына діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар, қиындық көріп жүрген жастар алданып түсіп жатыр. Оларды Отанына, отбасына, дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге қарсы қояды.
Өздерінің істеген әрекеттерінің дұрыс екенін дәлелдеу мақсатында қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, адамдардың санасын улап, теріс идеология таратады. Ал, бауырмалдылыққа баулитын шынайы діни жол ешқашанда зұлымдық пен әділетсіздік бой алдыруға, адам баласын жазықсыз өлтіруге жол бермейтінін баса жеткізді. Жат ағымның шырмауына түспеуі үшін дер кезінде діни сауаттылығын арттыру қажет екенін ескертті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі