#Шу: Ауданда Әйел-қыздар секторының жиналысы өтті

#Шу: Ауданда Әйел-қыздар секторының жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының Әйел-қыздар секторының қатысуымен кезекті жұмыс жиналысы өткізілді. Басқосу барысында маңызды мәселелер талқыланып, алдағы уақытқа жоспарлар құрылды.

Жиналыстың негізгі мақсаты — әйелдер мен қыз-келіншектерге бағытталған тәрбиелік, рухани және әлеуметтік жобаларды жүйелеу және жетілдіру. Қатысушылар өзара ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Күн тәртібінде қыз тәрбиесі, рухани-адамгершілік іс-шаралар, қайырымдылық жұмыстарын жалғастыру және ауыл-аймақта белсенді әйелдердің бастамаларын қолдау секілді өзекті тақырыптар қозғалды.

Жиналыс нәтижесінде нақты жоспарлар құрылып, алдағы уақытта іске асырылатын шаралардың бағыты анықталды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: