ЖАМБЫЛ: УАҚЫП – ҚАЙЫРЛЫ ІС

ЖАМБЫЛ: УАҚЫП – ҚАЙЫРЛЫ ІС

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бектөбе ауылы "Бектөбе" мешітінің имамы Ғани Таңатаров мешітке келген жамағатқа «Уақып - қайырлы іс»  тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.  Іс-шараға  отыз  адам қамтылды. Қасиетті Құранда: «Қайыр жолында не жұмсасаңдар да  Алла оны біледі» (Бақара сүресі, 273-аят) деп бұйырған.

Бұл аятта Алла Тағала адамдарды қайырымдылық жасауға, соның ішінде тұрақты игілік қалдыруға шақырады.Ислам дінінде белгілі бір мүлікті немесе қаражатты қоғамдық игілік үшін қайырымдылыққа арнау. Уақып ретінде берілген мүлік сатылмайды, сыйға берілмейді немесе мұраға қалдырылмайды.

Оның табысы тек адамзаттың немесе қоғамның игілігі үшін пайдаланылады. Уақып жасау – Алла разылығына жетудің, сауапқа кенелудің маңызды жолдарының бірі. Ислам тарихында уақып мешіт, медресе, аурухана, су жолдары, көпірлер, қоғамдық тамақтану орындары сияқты түрлі қоғамдық игіліктерге арналды.

Жамбыл аудандық  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: