Тараз қаласындағы орталық «Әулие ата» мешітінде жұма күні ерекше игі іс атқарылды. Намаздан кейін жамағатқа палау таратылып, мешіт ауласында береке мен бауырмалдықтың көрінісі орын алды.
Бұл сауапты шараға 500-ге жуық адам қатысып, ортақ дастарханнан дәм татты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама – жамағат арасында ауызбіршілік пен мейірімділікті арттыруға бағытталған.
Жұма күнгі палау тарату дәстүрі мешітке жиналған жамағаттың ықыласына бөленіп, көпшіліктің алғысына ие болды. Мұндай шаралар арқылы мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, рухани және әлеуметтік орталық ретінде маңызы арта түсуде.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.