Шу ауданының Әйел-қыздар секторы ұйымдастырумен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Атап айтқанда, көмекке мұқтаж 3 отбасыға азық-түлік қоржындары табыс етілді.
Шараның басты мақсаты — мұқтаж жандарға көмек қолын созу, қоғамда мейірімділік пен ізгілікті арттыру. Азық-түлік қоржындары әр отбасының күнделікті қажетіне сай жинақталып, жылы лебіздермен бірге табысталды.
Бұл қайырымдылық ісі ауыл тұрғындарының жүрегінен орын тауып, алғысына бөленді. Көмек алған отбасылар шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай жанашырлықтың көңілге демеу, жүрекке жылу сыйлайтынын жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.