ЖАМБЫЛ: ОТАНДЫ ҚОРҒАУ - ИМАННАН

ЖАМБЫЛ: ОТАНДЫ ҚОРҒАУ - ИМАННАН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айшабибі ауылы «Айшабибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев, «Айшабибі»  заставасындағы қызмет етіп жатқан әскерлерге «Отанды қорғау-  иманнан»  тақырыбы бойынша кездесу өткізді. Ислам дінінде де туған еліңді қадірлеуге, құрметтеуге айырықша мән берген.

Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с) Отаныңды, өз туған жеріңді сыртқы дұшпаннан қорғаудың қаншалықты сауап екендігі жайында бірнеше хадистер қалдырған. Бір сахаба Пайғамбардан (с.а.с): «Я, Расулаллаһ! Ең абзал амал не?»,-деп сұрағанда, Пайғамбар(с.а.с): Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру бір ай нәпіл ораза ұстап, намаз оқудан қайырлы»,- депті. «Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөздің мағынасы терең. Өйткені, иманды адам өз Отанын сыйлап, қастерлей алады.

Имансыз адам өзінің туған елінің қадір-қасиетін түсіне бермейді. «Отан бізге не берді емес, біз Отанға не бердік» деген оймен Отанымыз үшін аянбай еңбек етіп, дамуы үшін ат салысуымыз керек деп ойлаймын. Сол үшін де өскелең ұрпақты бойына отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу керек. Елдің рухын көтеру, ұлттық мақтаныш сезімін оята білу, ұлтжандылық, елжандылық сынды қасиеттерді қалыптастыру қажет.

Жамбыл аудандық  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: