Айшабибі ауылы «Айшабибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаевтың ұйымдастыруымен ауылдағы аз қамтылған бірнеше отбасыға сомасы 350 000 теңгені құрайтын азық-түлік себетін қайырымдылық ретінде таратты. Қайырымдылық – халқымыздың ең негізгі қасиеттерінің бірі.
Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасау – әрбір адамның борышы, яғни аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж балалардың қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
«Қайырымды жан қайырым етпес есеппен, ізгі іс етсең, текті тірлік сүргенің» деген аталы сөзді ұран еткен мешіт қызметкерлерінің сауапты амалды жарыса жасаудағы мақсаты - өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі