ЖАМБЫЛ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

ЖАМБЫЛ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айшабибі ауылы «Айшабибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев, ауылдық спорт кешені кезметкерлерімен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбы бойынша кездесу өткізді. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізуімен ерекшеленеді.

 Діни экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардар болу, дін саласындағы мәселелерді неғұрлым терең түсіну, экстремистік нарративтерге қарсы тұру, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру – ең алдымен дін мамандарының мойнындағы маңызды жауапкершілік. Сонымен қатар, діни экстремизмнің алдын алу мәселесі әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде қарастырылады. Діни мекемелердің мемлекеттік органдармен бұл бағытта бірлесе жұмыс атқаруы маңызды жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Жамбыл аудандық  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: