Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа «Ислам және отбасы» тақырыбында уағыз насихат айтты. Дін мен дәстүрін қадір тұтқан дана халқымыз да «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасының қоғамдағы орнын ерекше бағалаған.
Өйткені кез келген қоғамда адами жақсы қасиеттердің кеңінен тарауы үшін әр отбасының береке мен бірлікте өмір сүруінің маңызы зор.Әр отбасының іргесі мықты болып, түтіні түзу шығуы үшін отбасындағы ер мен әйелдің өзіне жүктелген міндеттерге, отбасылық әдептерге мән бергені дұрыс. Сонда ғана ол шаңырақта сыйластық пен сүйіспеншілік орнамақ.
Әрқайсымыз отбасымызды аманат деп біліп, оның сүйіспеншілік пен берекеде болуы үшін өзімізге жүктелген міндеттерімізді аса жауапкершілікпен орындауымыз қажет. Алла Тағала шаңырақтарымызға береке, отбасымыз, бала-шағаларымызға амандық бергей!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі