«Салауат» сөзі араб тілінде «береке», «құрмет көрсету», «тілек» сияқты мағыналарды білдіреді. Салауат айту – ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген жақындығымыз бен сүйіспеншілігіміздің белгісі, оған деген алғысымызды білдіріп, сағынышымыз бен құрметімізді жеткізу.
Қордай ауданы, Қаракемер ауылы «Қаракемер 2» мешіті, Таубалды Данияр Сәрсенбекұлының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында «Салауат» айтудан жарыс өтті. Бір аптаға созылған сайысқа елуден аса нәзік жанды ауыл тұрғындары қатысты. Ең үздік қатысушыларға: 1-орынға отыз мың , 2-орынға жиырма мың , 3-орынға он мың ақшалай сыяпат жасалды. Қатысушыларға қасымша алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар берілді. Ауыл болып қатысқан жамағаттың ізденістері көп, амалдары үздіксіз, құлшылықтары қабыл болсын!
Аудандық Қордай мешіті баспасөз қызметі