Қордай: "Нұрислам" мешітінің ауласына гүл отырғызылды

Қордай: "Нұрислам" мешітінің ауласына гүл отырғызылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде иманның құндылығы қаншалықты жоғары екені белгілі. Тазалықты иманның жартысына теңеу – исламның тазалыққа қаншалықты мән беретінінің айғағы. Бұл өз кезегінде мұсылмандар дініміздің талаптарына сай болуымыз керек дегенді білдіреді.

Айналамыздың таза, әдемі болуына мән беру, оны бақылауда ұстап, көгалдандыру баршамызға ортақ  міндет. Қордай ауданы, Қордай ауылы, Батыс мөлтек ауданы «Нұрислам» мешітінде Зейне Жұмабайұлының ұйымдастыруымен ауланы әсемдеу мақсатында гүлдер егілді.  Алланың үйлерін көркейтуге ат салысқан жамағатқа Алла екі дүниеде де разы болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: