Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде, әйел-қыздар сектор жетекшісі Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әжелер арасында сайыс өтті. Әжелер жарысына: «Қордай», «Рахман», «Құдайберген» мешіті әжелер алқасы мүшелері қатысты. Бақ сынасқан әжелер: Құранды жатқа оқу, діни - танымдық сұрақтарға жауап беру, қол өнер, салт дәстүр, ұлттық тағам бойынша жарысқа түсті.
Сайыс нәтижесін аудан ұстаздары: Жұлдыз Жұмабайқызы , Айгуль Жолдасқызы және Малика Аханқызы бағалап, әділ қазылық жасады. Барлық номинациядан жоғары болған: «Қордай» мешіті әжелер алқасы мүшелері бірінші орын, «Рахман» мешіті әжелер алқасы екінші орын, «Құдайберген» мешітінің әжелер алқасы мүшелері үшінші орынды иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс айтылып, марапаттау жасалды.
Әжелер алқасы мүшелерінің жан-жақты, өте өнерлі, асқан шебер, ақылды екені паш етілген сайыс алдығы уақытта тағы ұйымдастыру керектігі ұсынылды. Жастарға көркем тәрбие беретін әжелер мектебі алдағы уақытта өз істерін жалғастырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауын жалғастырмақ.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі