Жасөркен ауылы, «Тұрыс» мешітінің имамы Бауыржан Досмухамбетов мешітке келген жамағатқа «Діни экстремизмнің алдын- алу» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Тұғырлы мемлекетімізде қоғамға әсер етіп, қорқыныш тудыратын діни ағымдар аз емес. Бауыржан Досмухамбетов есімдері жер жарып тұрған экстремистік ұйымдардан аулақ болу, бұрыс бағыттардан өзін-өзі алшақ ұстау мәселелері жайлы сөз қозғап кетті. Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отырғандығын тілге тиек етті.
Халқымыз бен болашақ жастарымызды діни экстремизмнен сақтандыру мамандарға артылған жауапкершілік болғандықтан, ескертуге құлақ асып, барынша мұқият болуға шақырды.
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ «БӘЙДІБЕК» МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ