Қордай: Қабыр басында тазалық жасалды

Қордай: Қабыр басында тазалық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Зиярат» сөзі – арнайы көруге бару мағынасын білдіреді. Қабірді зиярат ету ханафи мәзһабы бойынша мұстахаб іс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірлерді зиярат еткен және біздерге зиярат етуді өсиет еткен. 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлының ұйымдастыруымен қабыр басына зиярат жасалды.

Қабыр иелеріне құрмет көрсетіліп құран оқылды. Мазарлар айналасын тазалау жұмыстары жасалып, сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шараға мешіт қызметкерлері мен жамағат ат салысты. Баршамыздың  садақаларымыз қабыл, мұраттарымыз асыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: