Жаңару күніне орай Шу ауданы, «Далақайнар» ауылында ерекше рухани-мәдени шара өтті. Дүйсенғали имамның демеушілігімен ұйымдастырылған бұл игі іс-шара аясында жастар арасында ұлттық ойындар ойнатылып, ауыл тұрғындары мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Мешіт ауласында өткен шарада арқан тартыс, ләнгі тебу, асық ату сияқты қазақтың дәстүрлі ойындары қызу өтті. Ауыл жастары белсенділік танытып, ұйымшылдық пен сергектігін көрсетті. Бұл – тек ойын емес, ата-баба мұрасын ұлықтап, жас буынның бойына ұлттық рух пен тәрбие сіңірудің жарқын үлгісі болды.
Ауыл тұрғындары бұл бастаманы ыстық ықыласпен қабылдап, алдағы уақытта да осындай дәстүрлі шаралардың жалғасуына ниет білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.