ТАРАЗ: «КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ «РАССКАЖИ МНЕ ОБ ИСЛАМЕ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

ТАРАЗ: «КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ «РАССКАЖИ МНЕ ОБ ИСЛАМЕ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінде «Расскажи мне об исламе» атты тағылымды рухани шара ұйымдастырылды. Жиынды мешіт имамы ашып, «Исламның құндылығы» тақырыбында әсерлі насихат айтты.

Шараға ислам дінін қабылдаған өзге ұлт өкілдері арнайы қатысып, жүрек тебірентер оқиғаларымен бөлісті. Олардың шынайы ықыласпен қабылдаған дінге деген сүйіспеншілігі жиналған жұртты бейжай қалдырмады.

Сонымен қатар, Әйел-қыздар секторының ұстазы Зейнеп Үсенова жиналған жамағатқа иман, хидаят, сабыр сынды тақырыптарда уағыз айтты.

Мешіт шәкірттері исламды қабылдаған бойжеткеннің тағдырын арқау еткен әсерлі қойылым қойып, көрермендердің көңілін босатты. Шараның рухани мәні зор болды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: