Тазалық – мұсылманның көркем сипаттарының бірі. Осы орайда Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінде үлкен көлемдегі тазалық және көгалдандыру жұмыстары атқарылды.
Шараға мешіт жанындағы әйел-қыздар секторының сауат ашу курсына қатысушы шәкірттер белсене қатысты. Олар мешіт ішін толықтай жуып-тазалап, шаң-тозаңнан арылтты. Сонымен қатар, мешіт ауласындағы артық шөптерді жұлып, гүл егіп, көгалдандыру ісін де қолға алды.
Жан мен тән тазалығы қатар жүрген ортада береке болары анық. Қоғамға үлгі болар бұл игі іс – мұсылман баласының қоршаған ортаға деген жанашыр көзқарасын айшықтайды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі