Тараз қаласында Әйел-қыздар секторы «Кеңесхан қажы» мешіті сауат ашу курсының шәкірттері арасында волейбол турнирі өтті. Бес командадан құралған бұл сайыс әйел жамағатының сергектігі мен бірлігін арттырып, күнделікті үй тірлігімен айналысатын нәзік жандарға ерекше серпін сыйлады.
Ұстаз Зейнеп Үсенованың ұйытқы болуымен өткен сайысқа «Әлиф», «Ясин», «Болашақ қарилар», «Фирдаус» және «Уау» топтары қатысып, спорттық бәсекеде өз шеберліктерін танытты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды "Әлиф" тобы жеңіп алса, 2 орын "Фирдаус" тобы иеленді, ал 3 орын "Ясин" тобына бұйырды.
Жеңімпаздар кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл бастама шәкірттердің ынтымағын арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануға да үндеді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі